Ерлі-зайыптылар әуеде тірідей өртеніп кетті (видео)
Мексикада ерлі-зайыптылар әуе шарында тірідей өртеніп кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News сайтына сілтеме жасап.

Олардың 13 жасар қызын күйік шалды.
Оқиға Теотиуакан туристік археологиялық аймағында болды. Әуе шарында үш отбасы мүшесі болған.
Бір кезде әуе шарының себеті өртеніп кетті. Өртке оранған адамдар себеттен секірген. 50 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйел сол жерде мерт болды, ал қыз II және III дәрежелі күйік алды, құлаған кезде қолын сындырды, бірақ тірі қалды. Қыз ауруханаға жеткізілді.
Өрттің себебі әлі анықталған жоқ.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты