Тоқаевтың сынынан кейін медициналық сақтандыру жүйесінде не өзгереді – Қор жауабы
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев медициналық сақтандыру жүйесін сынға алған еді. Қордың мәліметінше, президент пен парламенттің сынынан кейін әлеуметтік медициналық сақтандыру саласына бірқатар жаңалықтар енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Инновацияларды сараптамалық алаң шеңберінде медициналық қоғамдастықпен және денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Оның мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті.
Мынадай өзгерістер ұсынылып отыр:
- медициналық қызметтер пакеттерін бірыңғай пакетке біріктіру мәселесін пысықтау;
- стандартталған көрсеткіштерді енгізе отырып, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде қызметтерге ақы төлеудің нақты әдіснамасын әзірлеу;
- артық кепілдіктерді қоспағанда медициналық қызметтерді тұтынудың ғылыми негізделген минималды нормаларын әзірлеу;
- тарифтерді қайта қарау үшін сақтандыру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, негізгі ауру түрлері айқындалады.
“Кездесуде ӘМСҚ-ның барлық процесіне сараптаманы күшейту, медициналық ұйымдар арасында ақшаны бөлудің ашықтығы, клиникалық хаттамаларды қайта қарау, медициналық көмек көрсету стандарттарын жетілдіру, тіркеу бойынша мәселелер қозғалды", – делінген қор ақпаратында.
ӘМСҚ қорытындысы бойынша, сарапшылармен енді қажет жиі жиналып, анализ жасап отырады.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары МӘМС жүйесін не күтіп тұрғанын айтқан еді. Сондай-ақ президент медициналық көмек сапасы мен қолжетімдігі әлі күнге дейін айтарлықтай жақсармағанын айтқан еді.