Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Медициналық куәландыру керек емес": Испанияда жыныс ауыстыру процесі жеңілдетілді

Испания депутаттарының конгресі 16 жастан асқандарға медициналық куәландырусыз жынысын өзгертуге мүмкіндік беретін заңды бекітті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап.

испания

Көптеген пікірталастардан кейін заң 191 көпшілік дауыспен бекітілді, Испания парламентінің төменгі палатасының 60 мүшесі бұған қарсылық білдірді.

Бұрын Испанияда жынысын өзгерткісі келетіндерге "гендерлік дисфория" диагнозы қойылып, екі жылдық гормондық терапиядан өтіп, содан кейін куәландыру қажет еді. Енді бұл талап жойылды.

Жаңа норма бойынша, гендерді ауыстыруды шешкен адамдар үкіметке жаңа сәйкестендіру туралы мәлімдеме жасауы керек, ал үш айдан кейін оны растайды.

Сонымен қатар, 12-13 жасында жынысын өзгерткісі келетіндер үшін сот шешімі қажет, ал 14-15 жаста  ата-ана немесе заңды өкілдердің мақұлдауы тиіс.

Теңдік министрі Ирен Монтеро Парламентте дауыс беру алдында сөйлеген сөзінде "Транс адамдар ауру емес, бұл жай адамдар", – деді.

Заңға қарсы адамдар Мадридтегі Кортес сарайының жанында наразылық акциясын өткізді.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 17 Ақпан, 2023 12:50
Талқылау