Медициналық қызметкерлерге төленген үстемақыны алған: Атырауда емхана басшылығы күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Атыраудағы емхана басшылығы дәрігерлерден жалақыға қосылған үстемақыдан ақша жинағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Атырау қаласының № 7 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшылығының йым қызметкерлерінен бұрын үстеме ретінде аударған ақшалай қаражатты заңсыз жинау жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"