Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды
Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
“Растаймыз, ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді”, – деді агенттік өкілдері.
Еске салайық, Нұржан Әлтаев президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған еді. Алайда кейін кандидат жалған құжаттар ұсынды деп айыпталған. Ал “Мұқалмас” республикалық қоғамдық бірлестігі президент сайлауына ешкімді кандидат ретінде ұсынбағанын мәлімдеді.
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"
Антибиотик беру, қымтап терлету: Инфекционист ЖРВИ кезінде жиі жіберілетін қауіпті қателіктерді атады
Балаларының қызуы түспеген ата-аналар әлеуметтік желіде алаңдаушылық білдіруде