Мәжілісте қаржы министрі сынның астында қалды
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжілісте мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер үшін сынның астына қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сіз заң жобасын ұсындыңыз. Мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы айттыңыз. Мемлекет басшысы сізге шенеуніктердің табыс көзіне айналған жүйені тоқтатуды тапсырды. Ал бұл бағытта қаржы министрі не істеп жатыр? Депутаттар министрге барлығын жазып, жасап береді, ал министр келіп барлығын тізбектеп отыр", - дейді мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин палата отырысында.
Осылайша, Нығматулин сапасыз жұмыс жасалып жатқынын айтты. Қаржы министріне алдағы уақытта бұл олқылықтарды жөндеу тапсырылды.
"Барлығы сапасыз жоспарлаудан басталады. Ерұлан Кенжебекұлы жалпы бұл мәселе сізге қызық па өзі? Мен сіз туралы емес, қаржы министрлігі және сіздің қарамағыңыздағы адамдарыңыздың жұмысын айтып жатырмын", - деді Нығматулин.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан