AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Арапбаева: Алматыға 1000 теңгемен келдім, ол ақшаны анам бірнеше танысынан алып берді

Маржан Арапбаева Алматыға студент болып келген кезін еске алды. Әнші үлкен қалаға небәрі 1000 теңгемен келген. Оның өзін анасы бірнеше адамнан сұрап алып берген. Бұл туралы Арапбаева "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"1995 жыл, заман қиын болатын. Ақша ауысып жатты. Анам көршіден, танысынан және ұжымдасынан алып, 1000 теңге тауып берген. "Әзірге осы ақшаны ала тұр, тағы тауып берермін" деді", –  дейді әнші.
Арапбаева 1000 теңгесін жоғалтып алмау үшін пойызда барынша сақ болуға тырысқанын айтады. Ол Алматыға келген соң, анасы берген ақшаны қайда жұмсағанын түсіндірді. 

"50 теңгесіне дене шынықтыруға аяқ киім сатып алдым. Қалғанын әпкем келгенше үйтіп-бүйтіп жеткіздім. Ол АГУ-де аспирантурада оқитын. Оқулары кештеу басталатын. Ол кезде жасым 18-де, ешкімнен қарыз алып көрмеппін", – деп бөлісті Арапбаева.



Әнші ақшаға келгенде ұқыпты екенін атап өтті. Ал бүгінде шопингті ұнататынын жасырмады. Мұндай жағдайға жету үшін де біраз еңбектенген. 

"Өстік, ақша таба бастадық. Шопинг жасайтындай жағдайға жеттік, неге киінбеске? Неге кезінде армандаған LV сөмкесін алмасқа?
Жұмсайтындай маңдай термен таптым. Сондай кезге келген кезде ғана мен шопогололик болдым. Ал жалпы ақша жинай алатын адаммын", – деді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр