Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді мәжбүрледі": Бұзақылар Алматыдағы қару-жарақ дүкенін қалай тонағандарын айтып берді

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонағандар қалай әрекет еткені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандар қаруды ұрлауға бейтаныс адамдар бұйрық бергенін мәлімдеген.

"Менің көлігіме бейтаныс адам отырды да, Шаляпин-Саинға баруымды бұйырды. Мен қорыққанымнан оның айтқанын істедім. Бізді сонда баруға мәжбүрледі.  Дүкенді тонағаннан кейін бұл адамды таппай қалдым. Мен оның кім екенін, қайда кеткенін білмеймін", - деді ұсталғандардың бірі.

"Біз көп едік. Ұрланған қаруды жасырдым", - деді полицияға екінші күдікті.

Екі күдікті Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғыны.

"Ұсталғандар 22-24 жаста. Соңғысы бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған. Алматы облысының Қарасай ауданында арнайы операция барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір сотталушы Достық даңғылы бойындағы сауда үйінің жанынан ұсталды. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ полицейлер ұсталғандардың барлығының тұрақты жұмысы болмағанын айтты.

Бұған дейін желіде Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде радикалдар мен тонаушылардың әрекеті бейнеленген жаңа видеолар пайда болған.

Талқылау