Жеті жасар қыз марқұм әкесінің құрметіне Килиманджароны бағындырып, әлемдік рекорд орнатты
Американдық жеті жасар Монтанна Кенни Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро тауына көтерілген әлемдегі ең жас альпинист болды. Бірақ жас спортшының басты мақсаты – рекорд орнату немесе қызықты сәттермен бөлісу емес. Ол қайтыс болған әкесінің құрметіне биік шыңды бағындыруды қалады.
Көптеген ересек саяхатшылар алыс сапарға шыдамай биік шыңға көтерілуді жарты жолда тастап кетеді. Ал жеті жасар Монтанна үшін бұл сарар өзі күткеннен гөрі жеңілірек болды. Ол әйелдер арасында 5 895 метр биіктікті бағындырған ең жас спортшы атанды. Бұл туралы «rusjev.net»хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Монтанна көптен бері Килиманджаро тауына көтерілуді армандайтын. Жеті жасар қыз өткен жазда биік шыңды бағындырған сегіз жастағы бала туралы естігеннен кейін өзі де рекорд орнатуға шешім қабылдады.
Жас спортшы демалыс күндері жаттығу сапарларына барып, алда болатын қиын сынақтарға дайындалған. Ол көктемгі демалысында анасымен және 25 адамнан тұратын қолдау тобымен Африкаға барды.
«Күн сайын жаңбыр мен қар жауса да қызым бірде бір наразылық білдіріп, шағымданбады. Ол өз шешіміне ешқашан күмән келтірмейді», – дейді қыздың анасы Холли Кенни.
Әлемдік рекорд орнатқан жеті жасар Монтанна бұл сапардың айтарлықтай жеңіл болғанын айтты.
Монтаннаның әкесі посттравматикалық бұзылулармен күресіп, қызы үш жасқа толуға бір апта қалғанда көз жұмған. Содан кейін Кеннидің отбасы посттравматикалық бұзылулармен зардап шегетін науқастарға қаражат жинау үшін ғаламторда GoFundMe парақшасын ашты.
Оқи отырыңыз:
26 жастағы бойжеткен сөмкесіндегі есірткіні қатты желмен ұшып келген деп ақталды
Миллиардер Илон Маск Google-дан Қазақстан президенті туралы мәлімет іздеді
Ыстамбұлда кеменің ғимаратқа соғылған сәтінің видеосы пайда болды (видео)