Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маньяк болып шықты": Әлия Әнуарбек өзіне тиіспек болған ер адам жайлы айтты

Әлия Әнуарбек басынан өткен қорқынышты жағдай туралы айтты. Алматыға қонақ болып келген ол көшеде маньяктың арбауына түсіп қала жаздаған. Ол қала тұрғындарын абай болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Әлия Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Бүгін Абай көшесімен келе жаттым. "Москва" сауда орталығы жақтан жолдан өткен кезде жаныма бір ер адам келді. "Бойжеткен, сіз үстіңізді бұлғап алыпсыз, арқаңызда ақ бірдеңе тұр" деп көрсетті. Қарасам, жақпа май сияқты.

"Көлікте майлық бар, әне көшенің қиылысында тұр"  деп көмек ұсынды. Алғыс айтып, мәдениетті түрде бас тарттым. Сосын нан сататын дүкенге кіріп, майлық сұрадым. Шыққан кезде әлгі адамды алыстан тағы көрдім. Көлікке кетіп бара жатқан жерінен неге қайтып келгенін көру үшін бақыладым", – дейді актриса.



Бұдан кейін Әлия сұмдық жайттың куәсі болған. Әлгі жігіт қалтасынан белгісіз бір сұйықтықты шығарып, бір қыздың сөмкесін былғаған. Содан қолымен көшенің қиылысына қарай меңзеген.

"Оған айқайлай бастадым, бір кезде кері қарады, жұдырық көрсетіп едім, қашып кетті. Қатты ашуландым, бірақ артынан жүгірмедім", – деген Телебарисова алматылықтарды абай болуға шақырды.

"Абай болыңыздаршы, балаларыңызға бөтен адаммен кетпесін деп ескертіңіздер. Бала түгілі, мен, ересек әйел ешқандай жаманшылық ойламадым. Бар болғаны көмектескісі келді деген ой болды. 

Осылайша сырт көзге қарапайым, мәдениетті адам болып көрінгенімен, маньяк болып шықты", – деп түйіндеді сөзін Әлия. 

 

Талқылау