Маңғыстауда балаларды қорқытқан бүлдіршін балабақша тәрбиеленушісі болмай шықты

Маңғыстау облысының полициясы балабақшадан түсірілген видео жарияланғаннан кейін тексеріс жүргізді. Болған жағдайға қатысты тың деректер айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде таралған видеожазба бойынша тексеріс жүргізілген.
“6 жастағы бала бұл балабақшаның тәрбиеленушісі емес. Ол анасының жұмыс орнында болған. Осы жағдайға байланысты анасына қатысты бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Баланың анасы – мектепке дейінгі мекеменің қызметкері болып шықты. Тексеріс қорытындысы бойынша, ата-ананың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамауына байланысты оған қатысты әкімшілік материал рәсімделді.
Сонымен қатар, балабақшаның өзіне қатысты да бөлек тексеріс басталды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар аталған мекеменің қызметіне тексеріс жүргізу үшін полиция уәкілетті органдарға ұсыныс жолдады.
Еске салайық, Маңғыстау облысы Жетібай ауылындағы балабақшадағы балалардың тынышын бұзған бүлдіршін туралы жазған едік.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Оқыңыз