Әрбір құжат үшін 30-50 мың теңге: Маңғыстауда дәрігерлер 150-ден астам вакцина паспортын сатқан
Маңғыстау облысының полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іс жүзінде екпе алмай, вакцинацина паспорттарын заңсыз алу фактісін анықтады. Барлығы 150-ден астам құжат берілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, сегіз адам ұсталған.
"Жалған вакцинация паспорттарын екпені салмай сатқаны үшін сегіз адам анықталды, олардың арасында дәрігерлер мен делдалдар да бар", – деді аймақтық полиция департаменті.
Базада тіркелген әрбір құжат үшін медицина қызметкерлері 30-50 мың теңге алып отырған. Ұсталғандар 150-ден астам вакцинация төлқұжаттарын заңсыз бергендерін мойындады.
Қазіргі уақытта полицияда Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-бөлігі "Бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасалған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, айыпталушылар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстандық белсенді баласына Түркияда полиция қысым көрсетіп жатқанын айтып, көмек сұрады
Бұған дейін қазақстандық жігіт Молдовада пана сұрап, өтініш берген
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.