Маңғыстауда 9 мұғалім жалған дипломмен білім берген
Прокурорлар Маңғыстау облысының мектептерінде жалған дипломмен жұмысқа кірген тоғыз адамды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Аққұдық орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі жалған диплом бойынша жұмыс істеген. Сол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі "Көрінеу жалған құжатты пайдалану" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қарақия аудандық сотымен экс-ұстазға 25 АЕК (75 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.
"Осындай әрекет Ақтау қаласының екі мектебінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімдері, Жаңаөзен қаласының үш мектебінде орыс тілі пәні мен бастауыш сынып мұғалімі, Мұнайлы ауданының екі мектебінде, Бейнеу ауданының бір мектебінде бастауыш сынып мұғалімі анықталды. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған