Маңғыстау облысында жеке үйдің ауласынан жаңа туған нәресте табылды
Маңғыстау облысы "Рахат" ықшам ауданындағы жеке үйлердің ауласында жаңа туған шақалақ табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат ашгенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа туған нәрестені тауып алған тұрғындар сағат 23:05-те полицияға қоңырау соққан. Жаңа туған сәби Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізіліпті.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, шақалақтың салмағы 2 кг 740 грамм, бойы 49 см.
"Қазір бала интенсивті терапия бөліміне ем қабылдауда. Жағдайы ауыр. Өз бетімен демалады. Баланың қайда және қашан туғаны белгісіз. Жағдайы жақсарған соң баланы қамқорлық көрсету органдарына беріледі", -делінген ресми хабарламада.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қалам лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген