Маңғыстау облысында жасөспірім аялдама есігін қасақана сындырғаны видеоға түсіп қалды
Маңғыстау облысында бұзақы жастар көлік аялдамасын тас-талқанын шығарып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде бір жасөспірімнің көлік аялдамасының әйнек есігін теуіп сындырған видеосы тарады. Бейнені оның досы түсіріп тұрған. Кейін олар оқиға орнынан дереу із суытқан.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның Мұнайлы ауданындағы аялдамалардың бірінде болғанын хабарлады. Қазір полиция вандалдарды іздестіріп жатыр.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген