Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында бір топ жасөспірім ерекше баланы соққыға жыққан

Маңғыстау облысы Құрық ауылында 8 жасөспірім 2009 жылы туған, кәмелет жасқа толмаған Мейрамбек Рахымбердіге шабуыл жасаған. Жәбірленуші қазір ауруханада жатыр. Баланың ата-анасы бұл ұлына жасалған алғашқы шабуыл емес екенін айтып, кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: lada.kz

Анасының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында Мейрамбекті бір топ жігіт ұрып-соқан. Жарақат алғаннан кейін жасөспірімде ұстама пайда болған. Оған "2-дәрежелі эпилепсия" диагнозы қойылып, үшінші топтағы мүгедектік тағайындалды.

"Жағдайға кінәлілер жазаланған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Шабуыл 20 қыркүйек күні сағат 06:30 шамасында болған. Ұлы мен досы жергілікті дүкеннің жанында тұрған. Сол сәтте 8-10-ға жуық жасөспірім оны соққыға жыққан. Күдіктілер белгілі, олардың жеке тұлғалары анықталды. Алайда қылмыстық іс әлі қозғалған жоқ. Полиция мен аудан прокуратурасы әрекетсіз. Күдіктілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама әлі тағайындалған жоқ. Біз әділдік пен қауіпсіздікті қалаймыз", - деді жәбірленушінің ата-анасы.

Талқылау