Маңғыстау облысында 26 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының 26 жастағы тұрғыны Айдана Айтаева 29 наурыз күні сағат 11:00 шамасында шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Лада" басылымының хабарлауынша, полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің, коттедждердің, қараусыз қалған және құрылысы аяқталмаған ғимараттардың, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлердің шатырларын тінтуде.
Сипаттамасы: бойы 160-165 см, орта денелі, шашы иығына дейін.
Үстінде тізеге дейін түсетін сұр күрте, көк джинсы шалбар, қара етік болған.
Ерекше белгілері: сол қолы оң қолына қарағанда қысқа.
Бойжеткенге қатысты кез келген мәліметті Бейнеу аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне 8 (72932) 2-11-79, 8 (700) 362-30-03, 8 (701) 302-60-33, 8 (702) 596-73-71 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"