Маңғыстау бағытындағы пойыздың жолсеріктері әкімшілік жазаға тартылды
Маңғыстау бағытындағы пойызына рейд жүргізу барысында 23 билетсіз мінген адам және 900 келі артатын тіркелмеген жүк багажы табылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12-сінен 19 шілде аралығында «Алматы-Маңғышлақ», «Маңғышлақ-Алматы» және «Маңғышлақ-Атырау» бағыттарында қатынайтын пойыздарға Маңғыстау облысының антикоррупция қызметі көлік инспекциясымен бірігіп
«Маңғыстау – адалдық алаңы» бойынша рейд жүргізілді. Тексеру барысында 23 билетсіз адам және 900 келі тіркелмеген жүк багажы табылды. Пойыз жолсеріктері әкімшілік жазаға тартылды», - дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жақында темір жол саласындағы мамандарға профилактикалық іс-шара өткізілетіні хабарланды.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда