Алматыда мәңгілік алауға гүл қоюға келген ардагерді кіргізбегені үшін әкімшіліктегілер кешірім сұрады
9 мамырда ҰОС ардагері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға кіргізбей қойғаны үшін Алматы әкімшілігі кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қария 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан мемориалға келген. Бірақ Қазақстандағы барлық саябақтар мен алаңдар карантинге байланысты жабылған.
Мәңгілі алауға гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді полиция қызметкерлері бетін қайтарып, ішке кіргізбеген. Оқиға орнында түсіріліген видео әлеуметтік желілерде таралып, резонанс тудырды. Көпшілік оқырмандар құқық қорғау қызметкерінің қылығына ашуланып, пікір қалдырған.
Кейін әкімдік ардагерге келіп, кешірім сұрады, сондай-ақ оны мемориалға гүл қою үшін шығарып салды.
"Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Бұл біздің кінә емес, коронавирустың таралуымен байланысты", – деді Алматы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді