"Мәңгіге үздік": FIFA қайтыс болған Пелені марапаттады
FIFA аты аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Пелеге "Мәңгіге үздік" сыйлығын табыс етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Жүлдені Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо футболшының жұбайы Марсиа Аокиға табыстады.
Бразилия құрамасының футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеле желтоқсан айында 82 жасында қайтыс болды. Ол кәсіпқой мансабындағы ең көп гол үшін Гиннестің рекордтар кітабына енеді - кейбір деректерге сәйкес оның 1281 голы бар.
Пеле Парижде өткен FIFA Football Awards 2022 шарасы аясында қайтыс болғаннан кейін марапатқа ие болды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”

