“Манчестер Юнайтед” 100 миллионға шабуылшы сатып алып, тарихқа енетін болды
Танымал инсайдер Фабрицио Романо нидерландық “Аякстың” шабуылшысы Антонидың "Манчестер Юнайтедке" ауысуына қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтемемен.

Дереккөз ағылшын клубы 22 жастағы бразилиялықты рекордтық сомаға сатып алатынын, ал оның келісімшарты бес жылға жасалатынын айтады.
“Антони “Манчестер Юнайтедте”! “Аякспен” 100 миллион еуроға келісімге келді. Келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін, 2028 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалған. Қол қою ертең болады. Келісімшарттар дайындалуда, бұл Эредивизияның рекорды - Антони келесі аптада Манчестерде болады”, – деп жазады Романо.
Бұған дейін британдық клуб тағы бір бразилиялық футболшыны сатып алған еді. Кейін клуб УЕФА Чемпиондар лигасына қатыса алмағандықтан, Криштиану Роналдуды қосқанда барлық ойыншылардың жалақысын қысқартқан.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

