Мамин Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын 6 өнімді атады
Премьер-министр Асқар Мамин үш жылдан кейін Қазақстан ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ете алатын танымал алты өнімді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

және басқа да өнімдермен қамтамасыз етеді.
"Өнімнің қалған 6 түрі алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант және құс еті бойынша өндірісті ұлғайту үшін 2024 жылға қарай жаңа құс
фабрикаларын, ет комбинаттарын, сүт, қант зауыттарын ашу және
алма бақтарының алаңдарын ұлғайту жоспарланған. Бұл ҚР-ны отандық өндірістің негізгі азық-түлігімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп уәде етті премьер-министр.
Ол облыс әкімдеріне аталған жобалардың іске асырылуын жеке бақылауға алуды және қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді, сондай-ақ шикізаттан бастап экспортқа дейінгі барлық тізбек бойынша инвесторлармен жұмыс жасауды тапсырды.
Еске салсақ, осыған дейін алдағы уақытта Қазақстан өзін-өзі қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететіні туралы ауыл шаруашылығы министрі айтқан болатын.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды