Мамандар шашты табиғи жолмен кептірудің зиянын айтты
Шаштараздар мен трихологтар адамдардың шаш күтімінде жиі жіберетін қателігін атады.Тиісті материалды Glamour басылымы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Емдік сусабын өндіретін компания қызметкері Стефани Сей шашты фенсіз кептірудің қаупін айтты. Айтуынша, шашты табиғи жолмен кептіру гигральді шаршауға (шамадан тыс ылғалдың болуынан шаш кутикуласының бұзылуы) апарып соқтырады.
"Қаншалықты ұзақ уақыт шаш дымқыл болып тұрса, соғұрлым шаш судан ісініп, одан құртылады. Шамадан тыс ылғалдың болуы шашты сынғыш етеді, сондықтан оны жуа салып кептірген дұрыс", - деді маман.
Дерматолог Шэрон Вонг Сейдің пікірімен қосылатынын айтты. Сөзіне қарағанда, дымқыл шаш құрғақ шашқа қарағанда анағұрлым сезімтал болады.
Ал шаштараз Саманта Кьюсик шашты құрғату үшін орамалды пайдаланбауға шақырды. Мұндай жағдайда шаштың кутикалы қабаты бұзылады. Оның орнына ескі футболка немесе микрофибрадан жасалған орамалды қолдануға кеңес берілді.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
