Мамандар қатерлі ісіктің жасырын белгісін атады

Фото: Pixabay.com
Жаңа жыл мерекелері кезінде көптеген адамдар іштің кебуінен зардап шегіп жатады. Бұл қатерлі ісік сияқты ауыр аурулардың белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іштің кебуі тек артық тамақтанудың белгісі емес, кейде бұл – қатерлі ісік сияқты қауіпті аурулардың белгісі. Дәрігер Дональд Грант The Sun басылымына қашан алаңдау керегін түсіндірді.
"Әйелдерде бұл симптом көбінесе аналық без қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін, бірақ ол тағамға төзбеушілікті немесе ісіктердің болуын да көрсетуі мүмкін", – деді сарапшы.
Сондай-ақ маман іштің кебуі кейде дивертикулит немесе Крон ауруын көрсетуі мүмкін екенін атап өтеді. Дегенмен бұл жағдай екі-үш аптаға созылған жағдайда ғана алаңдаушылық тудыруы керек.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"