Маман суық тигенде антибиотикті не үшін пайдалануға болмайтынын айтты
Ресейлік дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Кондрахин суық тиюді емдеу үшін антибиотиктерді қолдану болашақта қиындықтар тудыруы мүмкін екенін айтты. Сол себептен де антибиотиктерді дәрігердің рецептінсіз қолдануға болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маманның сөзінше, антибиотиктер вирустарға еш әсер етпейді.
"Тұмау жаһандық деңгейде вирустық инфекция. Ал вирустар антибиотиктермен емделмейді. Олардың ағзамен өзара әрекеттесу принципі мүлдем басқа. Егер біз антибиотиктерді іше бастасақ, біз өз микроорганизмдерімізді өлтіреміз. Бірақ вирусқа ешбір жағдайда әсері болмайды", - деп ескертті дәрігер.
Кондрахин антибиотиктерді вирустық ауруды емдеу үшін қолданған жағдайда, дененің табиғи қорғаныс қызметі тоқтап, барлық энергияның іштей күресуге жұмсала бастайтынын түсіндірді.
Маман сонымен қатар антибиотиктерді тек дәрігер тағайындағандай қолдану керек екенін ескерте кетті. Әйтпесе аллергиялық реакциялар болуы мүмкін екен.
"Сонымен қатар, егер адам бұған дейін белгілі бір антибиотикті қабылдаған болса, онда оған сол антибиотик кері тағайындалмайды. Дозаны да дәрігер анықтайды. Өйткені бұл өте жауапты, қауіпті нәрсе", - деп түйіндеді Кондрахин.