Маман шығармашылықпен айналысудың оңай жолын атады
Терапевт Олеся Савельева күндізгі қысқа ұйқы мидың демалуына және энергия деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: 9111.ru
Оның айтуынша, күндізгі ұйқы шығармашылық пен басқа да қабілеттерге әсер етеді.
Ұйқының дұрыс болмауы зейіннің, есте сақтау және оқу қабілетінің нашарлауына әкеледі. Дегенмен, күндізгі қысқа ұйқы жағдайды түзете алады. Савельева ұйқы ақпаратты ассимиляциялауды және шығармашылыққа ықпал ететін ассоциативті ойлау қабілетін жақсартатынын айтты.
"Шығармашылықпен айналысып, энергияны қалыпқа келтіру үшін күндіз 60-90 минут ұйықтап алу керек. Бұл өз кезегінде жаңа идеяларды тудырып, мидың белсенділігін арттырады. Кейбір зерттеулер қысқа ұйқы мидың түйсігі мен көрнекі ойлауына жауап беретін оң жарты шарын белсендіруі мүмкін деп болжайды", - деді терапевт.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді