Малшы өзіне шабуыл жасаған қолтырауынды тістеп алып, өмірін сақтап қалды
Австралиялық малшы өзіне шабуыл жасаған қолтырауын тістеп, өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Freepik
Қазан айында Колин Деверо Австралияның солтүстік аумағындағы Финнис өзенінің бойындағы қоршауды жөндеп жүріп, Оксбоу көліне тоқтаған.
"Мен көлге қарай екі қадам жасаған кезде қолтырауын оң аяғымнан тістеп алды", - деді қойшы.
Ұзындығы үш метрден асатын бауырымен жорғалаушы Девероны тартып, суға сүйреп әкеткен. Ер адам қолтырауынмен төбелесіп, бос аяғымен оның қабырғасынан теппек болған.
"Мен өте ыңғайсыз күйде болдым. Бір уақытта байқаусызда оның қабағын тістеп алдым. Оны тартқан кезде мені босатып жіберді. Сосын дереу көлігіме қарай жүгірдім", - деп еске алады малшы.
Ер адамның айтуынша, қолтырауын оны соңынан қуып, ақыры тоқтаған.
Аяғынан ауыр жарақат алған Деверо қанды тоқтатуға тырысып, орамал мен арқанды байлаған. Көп ұзамай ер адамның ағасы оны ауруханаға алып кеткен. Қараша айының басында ер адамның аяғына тері трансплантациясы операциясы жасалған. Ол әлі ауруханада емделіп жатыр. Деверо болған жағдайға қатысты қызметін өзгерту туралы ойланғанын мойындады.