"Мал бағады, жеміс бақтарын күтіп, дақылдар егеді": Маман Қытайдағы қазақтардың қалай өмір сүріп жатқанын айтты
Казақстандық қытайтанушы Әділ Қаукенов Қытайдың Синьцзян-ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле-қазақ автономиялық округіндегі қазақ ауылдарын аралап, өмір салттарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маманның айтуынша Қытайдағы көрікті жерлерде орналасқан ауылдар өз көшелерінің тазалығымен мен күтімімен таңғалдырған.
“Жергілікті қазақтар дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығы, жеміс бақтарын күту, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру. Дегенмен, соңғы жылдары олар экономикалық әлеуетті түсініп, туризмді белсенді түрде дамытуға кіріскен.
Ауыл тұрғындары туристерге алма бақтарына апару, атпен серуендеуді, көрікті шыңдарға көтерілуді және дәстүрлі тағамдарды ұсынады. Ауылда үйден қайта жабдықталған және заманауи ыңғайлылықтармен жабдықталған шағын эко-отельдер бар. Бұл мегаполистен алыстап, тыныш ауыл өмірін сезінгісі келетін қала тұрғындарын тартуда”, – деп жазды ол.
Әділ Каукенов отельдерде тұру құны маусымға байланысты 400 юань (шамамен 28 мың теңге немесе 50 АҚШ доллары) шамасында екенін қоса кетті.
“Ал маусымда 600–800 юаньға (42–56 мың теңге немесе 100 АҚШ долларынан астам) жетеді. Салыстырмалы түрде жоғары бағаларға қарамастан, керемет көріністері арқасында қонақүйлер туристерге толы. Ең бастысы жол мен қауіпсіздік мәселесі жоқ”, – деді маман.
Қаукенов туризмнің дамуы аймақтағы жақсы инфрақұрылым мен қауіпсіздік қамтамасыз етуінің арқасында мүмкін болғанын атап өтеді. Алайда, жаңа мүмкіндіктерге қарамастан, жергілікті ақсақалдар жастардың әлі де үлкен қалаларға көшуге тырысатынын, ауылдағы ата-әжелерінің кәсібін жалғастырғысы келмейтінін айтады.