Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мақсат Толықбай: Зиялы қауым сияқты көзімді жұмып, көрпенің астында бұғып жата алмаймын

Қалың жұртқа "31 арнадағы" "Информбюро" арқылы танылып, көпшіліктің көзайымына айналған Мақсат Толықбай қазір еліміздің ең ірі "Еуразия Бірінші арнасында" "Бір сұрақ" қоғамдық-саяси ток-шоуын тізгіндеп, өзін жаңа қырынан көрсетуде. Stan.kz тілшісі сайлау науқаны кезінде белсенділік танытқан белгілі тележүргізушімен кездесіп, "31 арнадан" кету себебін, Ринат Зайытовпен қарым-қатынасы мен Қосановтан не үшін көңілі қалғанын біліп, сұхбаттасып қайтқан еді. 

Көрермендеріңізді мазалайтын ең басты сауалдан бастасақ, "31 арнадан" кетуге не себеп болды? 

"31 арнаның" маған, менің арнаға ренішім жоқ шығар. Өйткені мен алғаш "Информбюро" жаңалықтарына келгенде оқуын енді бітірген студент едім. Асхат Асан, Болат Мүрсәлім, Ирина Сответжанқызы, Гүлбану Әниятқызы сынды нағыз өз ісінің маманы болған "қасқыр" журналистердің ортасына түсіп, біраз тәжірибе алдым.

"Информбюрода" 7 жылдан астам уақыт қызмет атқарыппын. Көп адамдар митингтен кейін кетіп қалды деп жатыр. Бірақ олай емес, ол арнадан кеткеніме 7 ай болды.

Жаңалық деген тоқтаусыз жұмыс істейтін комбайн сияқты айналып тұрады. Соның қарқынына ілесуің керек, қанша дегенмен жеті жылда жалықтырып жібереді екен. 

Оның үстіне кәсіп бастаймын деген ой болды. Кәсіптің басы-қасында өзің жүрмесең болмайды. Уақыт жағынан еркіндікті аңсадым. Қаржылай да басқа мүмкіндіктер іздеу керек. Бір істі бастау үшін бір істі құрбан етуге тура келді. Содан өзім іштей шешім қабылдап кетуді ұйғардым. 

"Информбюродан" екінің бірі жайдан-жай кете қоймайды...

Көп адамдар, тіпті, әріптестерімнің өзі "басқалар республикалық арнаның рейтингі ең жоғары бағдарламасының эфиріне шыға алмай армандап жүрсе, өз еркімен кетіп қалған жүргізушіні бірінші рет көрдік" деп жатады. Шын айтайын, жаңалықтардан жалығып кеттім. Қызығушылық жоғалып кетсе, жаман екен. 

Көшеде ел танып жатса, оның бәрі "31-дің" арқасы. Мен үшін үлкен бір мектеп болды. Журналист болам деген адам ең бірінші жаңалықтар мектебінен өту керек деп ойлаймын. 

Жалықтым деп кете беру тұрақсыздық деп ойламайсыз ба?

Тұрақсыздық деп ойламаймын. Көзімді ашқалы бері осы "31 каналда" жұмыс істеп келе жатырмын. Анда-мында секіріп жүрген кезім жоқ. "Еуразия арнасы" - екінші жұмысым. Қазір демалып жүрмін. Мүмкін маған да демалыс керек болған шығар. 

Бастамақшы болған ісіңіздің телевизия саласына қатысы бар ма? 

Мүлде қатысы жоқ. "Көзден кетсең көңілден кетеді" дегендей телеарнадан кету ойымда болған жоқ. Дәл сол сәтте "Еуразия Бірінші арнасы" маған ток-шоу ашылады деп, жақсы бір ұсыныс жасады.

Уақыт жағынан өте тиімді болды. Ток-шоудың форматы бойынша бір күнде 5-6 бағдарламаны түсіріп тастауға мүмкіндік бар екен. Ол дегеніңіз алдағы 1-1,5 ай эфирге шығады деген сөз. Жасыратыны жоқ, "Еуразия арнасы" "31 арнаға" қарағанда 3 есе артық төлейді. Барлық жағынан тиімді болғандықтан бас тартпадым.

Бірақ "31 арнамен" ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Оның үстіне Ринат екеуміз әртістің өмірін талқылап немесе екі адамды отырғызып қойып, бет жыртыстырмаймыз, ұлттық мүддені айтуға тырысамыз. Бірден қазақтың мәселесін көтереміз деп келістік.

"Ақботаның қарғысы ма деп қорқам кейде": Танымал әнші отандық журналисті неге қарғады?>>

Бұрын "Еуразия арнасын" орыстанып кеткен арна көретінмін. Шындығына келсек, қазақша тұшымды бағдарламалардың бәрі осы "Еуразия аранасында" екен. «Пендеміз ғой», «Кеш қалмайық», «Кешкі кездесу», «Бір сұрақ», «Заң сөйлесін», т.б. қаншама хабарлар бар. Басқарып отырған Арман Құдайберген, Дастан Шымырбай, Шернияз Шағатай сияқты ұлтжанды мықты азаматтар жұмыс істеп жатыр, бірақ өкініштісі көзге көрінбейді. 

«Бір сұрақ» бағдарламасын Ринат екеуіңіз бастадыңыздар. Қазір Ринат неге көрінбей кетті?

Оны да кешегі митингпен байланыстыратындар көп. Ринат екеуміз бір-бірімізді баяғыдан танимыз. Бұл ток-шоуды жүргізу қиын болған жоқ. Дегенмен жаңалықтан өзге еш жерге шығып көрмеген адаммын, Ринат та айтыспен жүрген адам. Біз жеңіл-желпі арзан дүниелерді айтпаймыз деп басын ашып алған едік.

Ал кетудегі басты себебін Ринат өзі де, каналдың басшылығы да айта алмайтын шығар. Өйткені, басында екі күн съемка жасадық. Ол бағдарламалар эфирден екі айға дейін көрсетілді. Келесі түсірілім кезінде Ринаттың Павлодардағы айтысы шығып қалды да, келе алмады. Жалғыз өзіме жүргізуіме тура келді.

Бір күнде түсірілген 4-5 бағдарлама айдан аса көрсетіледі. Демек сол уақыт аралығында Ринат эфирден көрінбеді деген сөз. Одан кейінгі съемкаларға келмеді, іштей өзі солай шешім қабылдаған болар. Әйтпесе, каналдың басшылығы келіп, "Ринат жоғарыдан хабарласып жатыр. Эфирден алып тастауды сұрап жатыр", - деген қысым жасаған жоқ. 

Қазір Ринатпен ара-қатынасыңыз қалай?  

Өте жақсы, отбасымызбен араласып тұрамыз.

Митингке шығып, ұрандатып, белсенділігіңізді көрсеттіңіз, өзіңіз мемлекеттік арнада жұмыс жасайсыз. Бір-біріне қарама-қайшы дүние емес  па? 

Шыдамның да шегі бар. Кеше көзімізді бақырайтып қойып, сайлауда бір мұғалімнің бес дауыстан беріп жатқанын көрдік. Сот орындарының барлығында жемқорлық жайлаған, екінің бірі әділ емес деп жылап жүр. Қашанғы көз жұмып жүре береміз? Біз сенетін, біз тыңдағымыз келетін Жазушылар Одағынының 800 жазушысы Арыстағы, Атыраудағы жағдайға байланысты біреуі шығып мәлімдеме жасамады. Ертең мен көшеге шыққанда: "Неменеге журналист болып жүрсіңдер, бір нәрсені айта алмасаңдар?" деп айтады.

Ринат Зайытов енді айтысқа шыға ма: Жүрсін Ерман елдегі соңғы оқиғаларға қатысты жауап берді>>

Мен өз ойымды ресми арналардан айта алмағанмен, ең болмаса жеке парақшамда жазғым келеді. Сол үшін талай ескертулер алып та жатырмын. Жұмыстан шығарса, шығарып жіберсін. Базарға барып, арба итерсем де отбасымды асырармын. Бірақ көшеде жүргенде өз позициямды ашық айта алмасам несіне Мақсат Толықбай болып жүрмін?! Біздегі зиялы қауым сияқты көзімді жұмып, көрпенің астына бұғып жата берсем, менің кім болғаным? Шыдай алмаймын. Талай журналистердің ішінде жүр, айтқысы келеді, бірақ жұмысынан айырылып қалам ба деп қорқады. 

Жұмыстан айырылып қаламын деп қорықпадыңыз ба?

Қорықпадым, оппозиционер ретінде мемлекетке қарсы ештеңе жасаған жоқпын. Араласып-құраласып жүрген досымызды қамап тастаған соң іздеп шықтық.

Қашанғы үндемей отырамыз?! Қысым болған жоқ, ескертулер болды. "Сенің видеоң арқылы мыңдаған адам жиналды. Егер сол жерде қан төгілсе, ол сенің мойныңда кетер еді. Құдай сақтап қалды", - деп айтты. 

Жастар үлгі алатындай журналисте қандай қасиет болуы керек? 

Қолынан келгенше журналистикаға келмегені дұрыс. Қазір журналистка жоқ, соңғы он күнде төрт рет таксиге отырдым. Байқағаным - қаланың шопырынан ауылдың шопанына дейін барлығы саясат төңірегінде айтады. Неге? Өйткені олар естігісі келген, көргісі келген шындықты телеарналар көрсетпейді. Радио айтпайды, газет-журналдар жазбайды, амаласыздан әлеуметтік желілерге телміруге мәжбүр. Тек «Хабарды» қарап келген халық әлеуметтік желілер шыққалы басқа шындықтың барын көрді. Ол халықтың ішіндегі запыранын шығаратын, әділдікті іздейтін мінберге айналды.

Бұл тұста журналистерді де кінәлауға болмайды. Билік журналистердің өзімен ашық диалогқа келе алмайды. Соңғы болып жатқан митингтерде "бір адам өлді, екі адам өлді" деген ақпар тарап жатыр. Ал ресми органдар уақытында шығып мәлімдеме жасамайды. Сол сәтті пайдаланып, араңдатушы топтар елді одан сайын ашындырады. Бұл - билік пен халықтың арасындағы диалогтың жоқтығының кесірі. Қазір үкімет басқа мемлекетте, халық басқа мелекетте өмір сүріп жатқандай күйдеміз. Соның бәрі жаныңа батады. 

Жастарға ашық түрде  журналисткаға келмеңдер деп үгіттегеніңіз ба бұл?

Айтқың келгенді айта алмасаң, жазғың келген нәрсені жаза алмасаң, бұл мамандыққа түсіп не керегі бар?! Қазір журналистердің рөлін атқарып отырған әлеуметтік желілер мен телефон. Мойындауымыз керек, жаңалықты жедел әрі цензурасыз шынайы жеткізуден Ютубтан қалып қойдық. Қандай да бір оқиғаны кім бірінші телефонына түсіріп, желіге таратса, сол қаһарман. Оқиға орнына бір сағаттан кейін барған журналист қоршаудың сыртында түрып стендап (кадр ішіндегі, оқиға орнындағы журналистің сөзі - ред.) жасап қайтады. Таңғы онда болған жаңалықты телеарна кешкі сегізде береді. 

Қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайларды ескерсек, неге көңіліңіз толады, неге көңіліңіз толмайды? 

Соңғы сайлау көп нәрсенің бетін ашып берді деп ойлаймын. Қазақ ұйықтап жатыр дейтін едік баяғыда, осы сайлауда оянғанын көрдік. Сайлаудан кейінгі көп мәселе Қосановтың төңірегінде болды ғой. Ертеңгі күні Тоқаев қалай жетпіс пайыз алды деп емес, Қосанов сатып кетті деп шулады. Неге? Шындап келгенде, халықтың көбі Қосановқа дауыс берген болып тұр. Өйткені халық өзгерісті қалады. Жаңа басшы келсе, бірдеңе өзгере ме деген үміт болды. Сол үмітті Қосанов ақтамай кетті, қасықтап жинаған абыройын бір күнде төге салды. Мен президент болам деген өзінде амбиция болмаған шығар.

Шыныменен, президент болам деген адам маған берілген дауыс қайда деп, ең болмаса, халқына сұрау салар еді. Келесі сайлауға неге түспеймін деп отыр. Келесі сайлауға түсетін болса, халық оған бір пайыз да дауыс бермейді. Осымен оның карьерасы аяқталды. Батыс, шығыс жаққа барса, қазақтың жігіттері оны тепкілеп кетуі мүмкін. Халықтың сенімімен ойнауға болмайды гой. 

"Қарақаттың өзі таңқалатын жағдай болады": Нұрсұлтан Құрман жеке өміріндегі өзгерістер туралы айтты>>

Көңіл толатыны - қай жерде мықты бақылаушылар болды, сол жердің бәрінде Қосанов көп дауыс жинады. Яғни бұл келесі сайлауға дайындық болды. Енді бізде халықты алып шығатын көшбасшы жоқ. Соңынан ертетін қолбасшыға зәруміз. 

Әйел адамның билік басында отырғанына қалай қарайсыз? Келесі президент ханым болуы мүмкін деген болжам бар. 

Қазақта сөз бар, "Қатын бастаған көш оңбас" деген. Қазақ қоғамы оған жол бере қоймайтын сияқты, оның арты жақсылыққа апармайды. Шынайы саясаткер болса, қарым-қабілеті жетіп тұрса, неге қолдамасқа?! Бірақ қазір ондай адам көріп тұрған жоқпын. 

Өзіңізге оралсақ,  танымалдылығыңыздың жақсылығын көрдіңіз бе? 

Жақсылығын көресің, бірақ пайдаланып кеттім деп айта алмаймын. Оның өз жауапкершілігі бар. Көрермендерміз бар, дегенмен өзімді жұлдызбын деп ойламаймын.

Қыздар тарапынан ықылас қаншалықты көп? Бұған үйдегі жеңгеміздің көзқарасы...

Қыздар тарапынан әлі күнге дейін жекеме жазатындар көп. Әйелім де дұрыс қабылдайды. Мен оған: "Қыздар іздеп жазбаса, демек мен қызықсыз адам болғаным" деп қалжыңдап түсіндіріп қоямын. Қызғану деген басында болды, кейін үйреніп кетті гой. Қатты ренжіскен жоқпыз, қабағыма қарап отырады ол жағынан. 

Екінші әйел алуға көзқарасыңыз қалай? 

Бірінші әйеліңді, отбасыңды асырап, тәрбие беріп, оқытып-тоқытып, үй-жайын әперген соң, жағдайың келсе, он әйел ал. Қарсы емеспін. 

Тамада екенсіз. Бір тойға қаншаға шығасыз?

Студент кезден басталған өнер бұл. Арасында той-томалаққа шығып тұрамын. Бірі жағынан - қажеттілік, екінші жағынан, халықтың арасында боласың, неше түрліні көресің және аудиторияны басқарып үйренесің. Қаланың ішінде 1 мың доллар, шет жақтарға - 3 мың доллар. 

 

Cұхбаттасқан: Жанна Мәлік

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр