Мақсат Исағабылов "Қазақстан Барысы – 2022" чемпионы атанды
Қызылорда облысының атынан өнер көрсеткен Мақсат Исағабылов "Қазақстан Барысы – 2022" сайысының чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Финалдық кездесуде Исағабылов маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен күресті. Исағабылов 1 минут 52 секундта таза жеңіспен жеңді. Мақсат Исағабыловтың салмағы 120 келі, ал қарсыласының салмағы 148 келіге тең.
Ғалымжан Қырықбай қарсыласы жарақат алғандықтан, күреспей-ақ үшінші орынды иеленді.
Жапыстағы жеңісі үшін Исағабылов 25 миллион теңге, Жарылғапов 5,5 миллион теңге, ал Қырықбай 1,8 миллион теңге алды. Сонымен қатар чемпионға алтын белбеу мен алтын тайтұяқ табысталды.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп, ажырастым деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.

