Мақпал Жүнісова қызы Мереймен бірге түскен видеосын жариялады
Мақпал Жүнісова қызы Мереймен бірге сахнада ән шырқаған видеосын желіде жарилады. Көпшілік анасы мен қызын бірге көргенінен қуанып жатыр.

Халықтың ерке әншісі Мақпал Жүнісова қызы Мереймен бірге ән шырқаған видеосын желідегі парақшасында жариялады. Мұны көрген желідегі оқырмандары мен өнер өкілдері, әріптестері қуанысып жатыр.
“Сәттілік, Мақпал апайым”, – деп жазды Айгүл Иманбаева.
“Алдағы концерттеріңізге Алла сәттілігін берсін, әпке!” – деді Индира Елубаева.
Мақсат Базарбай, Ерғали Әбдірайымов, Дидар, Кәден, Жасұлан Базарбаев, Арман Дүйсенов, Ғазизхан Шекербеков тағы да басқа әншілер қолдау білдірді.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1 мамыр күні Алматы қаласында ән кешін өткізді. Кеште қызы Мереймен бірге ән салды. Бұл – осы концерттің үзіндісі.
"Сотқа дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді