Мақпал Исабекова жаттығу залындағы жігіттерден неге ұялды
Жұртты сырт келбетін жиі өзгертіп таңқалдыратын әнші Мақпал Исабекова жаттығу залына барған кезде жігіттерден қатты ұялғанын айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші белгісіз себептерге байланысты үш ай уақыт жаттығу залына бармай кеткен екен. Күні кеше үш айдан бері бірінші рет барып, қатты қиналған.
“Көңілдеріңізге жақпайтын көрініс үшін кешірім сұраймын. Бірақ мұндай жаттығу жасап тұрып өзіңді мәдениетті етіп көрсету мүмкін емес. Бұлшық еттерім қатып қалған, ал жанымдағы жігіттер шпагатқа отырып жатыр. Өзім үшін қатты ұялсам да, сыр білдірмеуге тырыстым”, – дейді әнші.


Әнші жақын күндердің бірінде көрерменге жол тартатын “30 жаста тұрмысқа шығу” фильмінің саундтрегін орындады.
Естеріңізге сала кетсек, желі қолданушыларының Мақпал Исабековаға іздеу салғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды