Мақпал Исабекова: Ұлым - алты түрлі ұлттың өкілі
Мақпал Исабекова ұлының ұлтына қатысты сауалға жауап берді. Айтуынша, күйеуінің тегінде төрт түрлі ұлттың қаны бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біздің ұлымыз алты түрлі ұлттың өкілі. Оның екеуі менен, төртеуі күйеуімнен берілді. Бұл маңызды ма?" - деп жауап берді Мақпал Instagram-да сауал тастаған оқырманына.
Аралас ұлт өкілі болғанымен, әншінің күйеуі Қазақстан азаматы болып шықты. Одан бөлек, әнші ұлын ота арқылы дүниеге әкелгенін айтты.
"Көрсеткіштер бойынша кесарь тілігін жасады. Қан қысымы, жүктіліктің соңғы апталарындағы ісік пен баланың ірі салмағы әсер етті. Бәрі Алланың қалауымен. Өзім тууға бекінгеніммен, ең бастысы, баланың денсаулығы еді. Демек, бала үшін дұрысы сол болды", - деп ағынан жарылды Мақпал.
Айта кетейік, былтыр тұрмыс құрған Исабекова жуырда тұңғышын дүниеге әкелді. Оған Теодор деп есім берді. Ол ұлының қырқынан шығару рәсімін арнайы мейрамханада атап өтті.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?