Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мақпал ханым, іше түсіңіз": Мақпал Жүнісованың атышулы видеосынан кейін желі қолданушылары араша түсті

Қазақ эстрадасының әншісі Мақпал Жүнісова Instagram парақшасына таңғы мезгілде видео жариялап, ел талқысына түскен еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі халықтың 10 пайызы өзін "әнші емес, алқаш" деп атайтынына ренжіген еді. Алайда желі қолданушылары халық әртісін қолдап жатыр. 

Ақын Серікзат Дүйсенғазы әлеуметтік желідегі парақшасында халық әртісі Мақпал Жүнісоваға арнап жазба жариялады. 

“Қалқаман Сариннің он жыл бұрын жазылған осы өлеңінде әншінің тағдыр-тәлейі, болмыс-бітімі жырмен керемет өрілген”, – деді ақын. 

Одан кейін белгілі әнші Бүркіт те әріптес әпкесін қолдайтынын жеткізді. “Мақпал әпкеміз ерекше жан ғой. Қазақ эстрадасындағы ең қатты жақсы көретін Мақпал ханым бөлек адам”, – деді әнші. 



Сондай-ақ, Facebook желісінде Серік Хасенов есімді қолданушы өнер иесін қолдап, ақтап алды. 

“Ол кісіні сөккендерге таңғаламын. Мақпал сияқты бола алмағаны үшін өмірге өкпелі адамдардың әрекеті сияқты сезіледі өзіме. Мақпал Жүнісованы әнші емес дегендердің құлағы керең не талғамдарында проблема бар. Мақпал ханымның өжеттілігіне ризамын өзім. Күйеуіңді атып кетіп, өлімін сенен көреді. Өнер жолыңдағы есіктер тарс жабылады. Сұлу, өнерлі, қылықты әйелдің қырықта жесір қалу қасіретін айту да қиын. Басқан ізің аңдулы, бір ағат адым жасасаң, бүкіл халық назарындасың. Мақпал ханымның қызық пен қасіретке толы тағдырының бізге мәлім сырларының өзі адамды мұңайтпай қоймайды. Ішіпті дейді. Неге ішпеуі керек? Өз еркі ғой. Мақпал ханым іше түсіңіз. Сізге ұзақ ғұмыр тілеймін. Шеріңіз тарқасын. Өжет, қайсар, мінезді, нәзік, сұлу, қылықты Мақпал ханым. Сіздің ғұмыр – үлкен майдан!”, – деді желі қолданушысы. 

Еске салайық, "1 литр қымыз іштім" деп Мақпал Жүнісова өзін жек көретіндерге үндеу жасап, ел алдында сырын ақтарған еді. 

Талқылау