Махмұд Сабырханның туған інісі төртінші рет Азия чемпионы атанды
Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚБФ
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан Астанада жастар мен 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. 67 келіде жұдырықтасқан Төрехан финалда өзбек боксшысы Мұхамедазиз Исмаиловқа қарсы жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты. Тіпті отандасымыз үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, өзінің бір бас жоғары екенін көрсетті. Осылайша Төрехан Азия чемпионатында төртінші рет үздік шығып, алтыннан алқа тағып отыр.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан жасының жетпеуіне байланысты Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

