Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты
Фото:ҚБФ/Махмұд Сабырхан
Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
55 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы ширек финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровпен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Сабырхан 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, өзбек боксшысы жарысты аяқтап, ал Махмұд Сабырхан жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан қазақ боксының жарқын өкілдерінің бірі. Ол екі дүркін әлем чемпионы: 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша және 2025 жылы World Boxing ұйымы аясында топ жарған. Сондай-ақ, 2024 жылғы Азия чемпионы.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда