Махмұд Сабырхан "Елорда кубогіндегі" алғашқы кездесуінде әлем чемпионатының жүлдегерін ұтты
Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогінің" алғашқы айналымында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан "Елорда кубогі" турнирінің алғашқы айналымында 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ирандық Даниял Шахбахшқа қарсы жекпе-жек өткізді. 57 келіде жұдырықтасқан отандасымыз қарсыласынан бір бас жоғары болып, 5:0 есебімен жеңіске жетіп, екінші кезеңге өтті. Олимпиада ойындарының алдында боксшылардың бақтарын сынайтын бұл додаға 9 мемлекеттің үздіктері өнер көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы жеті салмақтың алтауында олимпиада жолдамасын еншіледі. 63,5 келі салмақтағы Париж квотасына Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таласады.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ

