Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Махаббат өтті": Жарқынай Ханайым жеке өміріне қатысты сыр шертті

Әнші, актриса Жарқынай Ханайым "Рауза" телехикаясындағы рөлі үшін продюсерлеріне алғыс айтып, жеке өміріне қатысты сыр шертті. Ол махаббаттың өткенін, ешкімге реніші жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Баян Мақсатқызы және Бағым Мақсатқыздарына керемет “Рауза” телесериалындағы образ үшін, керемет әндер үшін, өте зор танымалдылық үшін үлкен рахметімді айтамын. Мені қазақ еліне танытқаны үшін, қарапайым шет елден келген қыздың қашанда үлкен сахнада ән айтқысы келген арманын орындағаны үшін үлкен рахмет. Тек қана мен емес көп қыздың арманын орындады. Бұл істе тең шебер жоқ екенін ел мойындаған номер бірінші продюсерлермен жұмыс жасау бұйырғанына Аллаға және себепші кісілердің өзіне үлкен алғысымды айтамын", – деп жазды Жарқынай.

Актриса жеке өмірінде болып жатқан өзгерістерге ешкімді кінәламайтынын атап өтті. 



"Продюсердің міндеті ұсыну, таңдау әрқашанда әртістің еркінде. Әркімнің өнерге және жанұяға өз көзқарасы әртүрлі. Контрактіге отырған актрисаға да түсінікпен қарадым. Және осы жағдайды жіберейік. Айланам үшін барлығын ұмытып, қуана өмірімді сүремін. Ешкімге ренішім жоқ. Ренжіткен жандардан кешірім сұраймын. Махаббат өтті. 

Кез келген ғашық әйел түсінетін сезім деп ойлаймын. Енді әнші емес, ана, блогер, бизнесмен Жаркынайды жиі көретін боласыздар. Мен өзгерістерге дайынмын, сіз ше?" – деп түйіндеді сөзін ол. 

Талқылау