Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған жараспайды": Мақпал Жүнісова "ағылшын әнін орындағанына" қатысты пікір білдірді

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова жасанды интеллект арқылы жасалған, "ағылшын тілінде орындалған” әнге қатысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі дауысын пайдаланып, видео жасап, желіде таратқандарға ескерту жасады. 

“Бәрі таратып жатыр, бірақ маған ұнамайды бұл. Ауылды туған қазақтың қызымын ғой. Бұлар заңды бұзып отыр. Менің орындамаған әндерімді мен орындады деп отыр. Қазір қатты таратып жатыр. Мен ағылшынша орындамағаннан кейін ұрлықшы сияқты болып тұрмын. Өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Сосын маған жараспайды екен. Өзім қазақтың иісі аңқыған қызбын ғой, қазақ тілінде ғана жақсы орындай аламын деп айта аламын", – деп ақталды әнші.



Одан кейін өнер иесі хит болып жатқан “Монолог” әнінің шығу тарихын да айтып берді. 

“Зәкеңнің өмірге келгеніне 80 жыл ғой. Осы күнге дейін Зәкеме арнап орындаған әндерімді әбден зерттеп, айтқым келген, жеткізгім келген сөздерімді, сағынышымды бір әнге сыйдыра алдым. Көптен көкейде жүрген өрт, өксіктің бәрі тіріліп, әнді әрең орындадым. Қанша ауыр болса да, осы әнді таспалағаннан кейін бір жеңілдеп қалғандаймын. Жалпы, кез-келген қасірет сейіледі екен, ауырлық жеңілдейді екен, мұң, шер, дерт емделеді екен. Тек қалатыны сағыныш екен. Мұндай азапты арқалаған мен ғана емес, талай қазақ қызы арқасүйерінен айырылды, талай қазақ жігіті сүйгенінен ажырап, ұрпағын жалғыз жеткізіп келеді. Мына ән менің монологым ғана емес, сондай тағдырға душар болған қанша жанның іштегі шерін шығарып, бақиға аттанған серігіне айтқысы келген ойларды, сөздерді жеткізетін ән болды деп білемін. Мұнан кейін ауыр әндерді орындағым келмейді. Жас келді, жүрек те бұрынғыдай бар жүкті көтере беретін қауқар да емес”, – деп жазды халық әртісі. 

Еске салайық, Мақпал Жүнісова Мәскеуде концерт беріп көрмеген әнші екенін айтқан болатын. 

@aika6816 #Макпал ♬ оригинальный звук - Aliya
Талқылау