Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған атуға бұйрық берді": Ресейлік сарбаз сотта қарусыз украиналықты өлтіргенін мойындады

Ресейлік әскери қызметкер Вадим Шишимарин Киевте сот отырысында қарусыз бейбіт тұрғынды өлтіргенін мойындады. 4 мамырда Украина қауіпсіздік қызметі Шишимариннің оқиғаның қалай болғаны туралы баяндаған видеоның жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Шишимарин

Прокуратураның нұсқасы бойынша, 28 ақпан күні Сумск ауданы Камыши аулының маңында Украина әскері 21 жастағы Шишимарин болған әскери техника легін атқылаған. Кері шегінген Шишимарин және тағы төрт ресейлік сарбаз автокөлікке мініп, шекараға қарай бет алған. 

Лебединский көшесіндегі №52 үй маңында олар телефонмен сөйлесіп тұрған 62 жастағы Шелипов Александр Федоровичті көрген. Кейін қаза тапқан ресейлік әскери Пуфаков Шишимаринге өздері туралы ақпаратты украиналық сарбаздарға айтпас үшін Шелиповты өлтіруге бұйрық берген. Шишимарин автоматтан бірнеше рет атқан. Украина тарапы оқиғаның осындай нұсқасын ұсынды. 

Ресейдің қорғаныс министрлігі Шишимариннің жағдайы туралы пікір білдірмеген. Ал Кремль ақпараттың жеткіліксіз екеніне сілтеді. 

"Маған атуға бұйрық берді, сосын мен аттым. Ол құлап түсті. Біз әрі қарай кеттік", – деп түсіндіреді Шишимарин Украина таратқан видеода. 

Кейін Шишимарин және тағы үш сарбаз тұтқынға түскен. Сот Шишимариннен кінәні мойындайтыны туралы сұрағанда, ол нақты жауап берген. 

Шишмаринге "Сот дәстүрі мен заңдарын бұзды" деген айып тағылған. Аталған бап бойынша кінәлі өмір бойына дейін сотталуы мүмкін. 

Бұл Украинадағы ресейлік әскеридің үстінен қозғалған алғашқы сот ісі болып отыр. Ал Шишимариннің қорғаушысы Виктор Овсянников айыпты жеңілірек бапқа ауыстыруды сұраған, бірақ нақты қай бап екенін атамады. Сондай-ақ ол сарбазды қорғап алмақшы екен. 

"Прокурорларға негізгі ақпаратты бермеу үшін оның қалай қорғалатыны туралы айтпаймын", – деді қорғаушы Виктор Овсянников. 

17 мамыр күні сот отырысы қатысушылардың көптігіне байланысты тез аяқталып, 19 мамырға ауыстырылған. Бейсенбі күні сот ашық форматта өтті. 

Сотта марқұмның жесірі, Шишимариннің өзі және екі куәгерден жауап алу жоспарланған. Сондай-ақ автомат пен ұялы телефон секілді заттай айғақтарды қарау көзделген. 

Шишимарин 21 жаста, Иркутск облысы Усть-Илимск қаласының тумасы. Мәскеу облысы Кантемировск танк дивизиясының 4-бөлімінде командир болып қызмет еткен. 

18 мамыр күні Кремль өкілі Дмитрий Песков сот туралы пікір білдірген.

"Ақпарат әлі жоқ. Киевте дипломатиялық өкіліміздің болмауы себепті көмек көрсете алмаймыз", – деді ол журналистер сауалына жауап беру барысында. 

Талқылау