Мәдина Сәдуақасова: Менің жол ашатын ерекше қасиетім бар

Мәдина Сәдуақасова бойындағы ерекше қабілетін көпшілікке баян етті. Қасында жүрген адамның қызметі өсіп бағы жанып, биіктерге өрлей береді. Бұл әншінің өз сөзі. 

"Неге осы Мадина Сәдуақасова көмекшілерін жиі ауыстырады?! Өйткені, маған келгендердің өздері де осал емес, оның үстіне менің де жолдарын ашып жіберетін қасиетім бар сияқты.

Мысалы, бұрын менде жұмыс істеген Азамат Роза Рымбаеваға директор болып кетсе, Дәулет қазір продюсер. Саида болса дизайнер болып, Әйгерім Қайнарбек өз бизнесін ашты. Ал осыдан 4 ай бұрын келген Айдана креативный директор болып басқа жұмысқа шақыртылды!

Енді, бүгін маған жұмысқа Іңкәр келді. Өзі режиссер, сценарист, адамдармен тез тіл табысып кететін қасиеті бар екен. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!
Шіркін, ұзағынан жұмыс жасасақ екен", - деп жазды әнші. 



Жоғарыда аты аталған қыз-жігіттер әншіге алғысын айтып, сәттілік тіледі. 

"Сізбен жұмыс істегенім үшін алғыс айтамын. Сіз ең керемет әртіссіз. Сізбен жұмыс істеу мен үшін мәртебе. Сізге бәрі үшін рахмет. Іңкәрді жаңа жұмысымен құттықтап, жолы болғанын айтқым келеді", - деп жазды Дәулет Бекұлы.

"Мен үнемі сізбен біргемін", - деді Әйгерім.

"Жұмыстарыңызға сіттілік тілеймін!", - деді Азамат.

"Сәттілік болсын! Жаныңызда адал, сенімді жандар болсын", "Қызметіңіз өрлей берсін", - деді желі оқырмандары. 

Жақын күндері қазақстандық журналист Жолымбет Мәкіш Мәдина Сәдуақасова сынды әнші-жыршылар халықты тобыр етіп тәрбиелеп жатыр деп сын айтты. Алайда әнші бұған жауап берген жоқ. 

"Ештеңеге қарамастан, өмір сондай тамаша. Көктемде бәріміз күн шуағындай бір-бірімізге жылулығымызды, махаббатымыз бен қамқорлығымызды төгіп жүрейікші. Өмір ғажайыпқа толы... Сеніңіздер", - деді Сәдуақасова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр