Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова жарнамаға түскені үшін сынағандарға жауап берді

Мәдина Сәдуақасова жарнамаға түскені үшін халықтан көп сын естіді. Десе де, ол үшін әнші мойымайды. Мәдинаның пікірінше, танымал адамның жарнамаға түсуі қалыпты нәрсе. Бұл тәжірибе әлемнің барлық елдерінде қолданылады.

madina jarnama turali

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Жарнамаға түскенімді кейбір адамдар көздері үйренбегендіктен жақсы қабылдаған жоқ. Сындар да айтылды. Бірақ енді ол көп елдерде қолданылатын дүние. Көптеген халыққа танымал әншілер, актерлер, спортшылар болсын, жарнамаға түседі. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын”, – дейді Мәдина.

Бір қызығы, жарнамаға түсу үшін Мәдина шашының табиғи түсін өзгерткен.

“Шоколадтың жарнамасында мен карамель болдым. Ол қара шоколад емес, ішіндегі карамель. Оның түсі сарғыштау ғой. Сондықтан киген көйлегім де, жасаған мейкабым да, барлығы сол түске сәйкес болуы керек. Менің қара шашым жарнамашыларға ыңғайсыздау болды. Олар осындай түске боясам жақсы болатынын айтты”, – деп ағынан жарылды әнші.

Дегенмен Мәдинаны шашының түсін өзгертуге ешкім күштемеген.

“Негізі өзімнің ойым болған. Баламның шашы сап-сара, жолдасым да қоңырлау. Шашыңыздың түсін өзгертпесеңіз, жарнамаға түспейсіз деген шарт болған жоқ. Ұсыныс болды”, – дейді Мәдина.

Мәдина өзге әріптестері секілді әр нәрсені бір жарнамай бермейді. Әнші Instagram-ға анда-санда бір салатын жарнамасының өзін арнайы маманға тексертеді екен.

“Мен жарнамалайтын нәрсенің міндетті түрде сапасы жоғары болуы керек. Соның бәрін қадағалап отыратын жарнама бойынша штаттағы қызметкерім бар. Instagram-дағы жарнама да солай. Мен көбінесе бас тартамын. Оны өздеріңіз де байқайтын шығарсыздар. Менде көп жарнама жоқ”, – деп түйіндеді сөзін Мәдина Сәдуақасова.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы өзін жапырақ пен қағаз кемеге теңеді

Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты

Ерке Есмахан “қылықтары жасанды” деп сынайтындарға жауап берді

Баян Есентаева: Ұяңдық – адам баласының басты көркі

Талқылау