Лукашенко Путинге Беларусьте ядролық қару орналастырғаны үшін алғыс айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко Путинге Беларусь аумағында ядролық қару орналастырғаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеу мен Минск ынтымақтастығының күштілігі сонша, "екеуінде бір" ядролық қару бар деген сөзінен кейін орын алды. Осы сөздерден кейін Лукашенко мен Путин қол алысқан болатын.
Кейін Беларусь президенті журналистерге акустиканың нашарлығынан не айтылып жатқанын естімегенін айтты.
"Владимир Путин маған Беларусьте ядролық қару орналастыру туралы шешім қабылданғанын айтты, мен оған алғыс білдірдім", – деді Лукашенко.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті