Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина: Бұл өмірде ана атанбай қалудан қатты қорықтым

Бала кезінде анасы із-түзсіз жоғалып кеткен Луина сол қорқынышты күнді еске алды. Әнші өмірдегі ең үлкен арманы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жаратқан біледі! Әлем де! Менің арманым жанымда. Ол – менің ұлым, отбасым. 

Армандаңыздар, жақсыларым! Барлығы орындалады. Сүйікті де ерке қызы бола тұра, анамды жоғалтып алдым. Ол үйден шығып кеткен сол бір қорқынышты күні есейіп шыға келдім. Есімді білгелі бір ғана нәрсені армандадым. 

Сүйкімді балалардың анасы болғым келді. Балаларымның анасы болғанын қаладым. Бұл менің ең үлкен қалауым болды. Өмірде ана атанбай қаламын ба деп қатты қорықтым. Өзім көрмеген махаббатты сыйлағым келді. Барлығы артта қалды және осы секундқа дейін арманыма жеткеніме сене алмаймын. 

Күн сайын балама қарап, шүкіршілік айтамын. Сүйіктіме алғыс! Жаратқанға алғыс! Өзімнің денеме рақмет! Ұлым, саған рақмет", – деп жазба қалдырды Луина Instagram-дағы парақшасында.



Желі қолданушылары Луинаға қолдау сөздерін білдіріп, кішкентай Давидке жылы тілектерін арнады.

Айта кетейік, Луинаның анасы оның бала кезінде үйден шығып, қайта оралмаған. Әлі күнге дейін әйелден ешқандай хабар жоқ. Әнші кішкентайынан ата-әжесінің қолында өскен.


 

Талқылау