Лотереядан көлік ұтып алған қазақстандық азамат ұтысын қайырымдылыққа жұмсамақ
Нұрлыбек Иманбаев автолотереядан көлік ұтып алып, қазақстандықтарды тәнті етті. Жеңімпаз ұйымдастырушылардан ұтысты ақшалай беруді сұрап, оны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Лотерея ұйымдастырушыларының хабарлауынша, Нұрлыбек – БҚО-да гарнизонда қызмет атқаратын әскери қызметкер. Ол құны 7 млн. 519 мың теңге тұратын, 2018 жылы шыққан Hyunday Accent көлігін жеңіп алған.
Нұрлыбек қаржының бір бөлігін Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған Дәулет Жұпарбеков пен Мейірхан Бітімнің отбасына бермек.
Тағы бір бөлігін көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз етіп жүрген "Харекет" қорына аудармақ.
Ақшаның үшінші бөлігін әскери Оралда тұратын 5 жасар қыздың еміне аудармақ. Оған қымбат ота жасату қажет.
Автолотерея ұйымдастырушылары қайырымды жеңімпаздың бастамасын қолдады.
Жақын күндері Нұрлыбек Алматыға барып, қажетті құжаттарды рәсімдемек.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”