Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мектеп оқушысы шахматтан әлем чемпионы болды

Румынияның Яссы қаласында шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. 15 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық спортшы Әсел Серікбай әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы.

20170502135530

Чемпионат медалін қызылордалық тағы бір спортшы – Назерке Нұрғали алды. Ол 40-тан астам жасөспірім қатысқан 13 жасқа дейінгі шахматшылар арасында күміс ұтты.

20170502135454

«Әрине, әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұрын 9 жасқа дейін әлем чемпионы болғанмын. Содан бері жеті жыл өтті. Нәтижені тағы қайталадым. Бұл жоғары деңгейдегі шахматшылар жарысқа түскен ересек санатқа жатады.  Қызылорда облысы спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаевқа және бапкерім Василий Шимелковке алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ алғашқы бапкерім Риза Төлтайқызы Қошқароваға және Қазақстан шахмат федерациясына алғысым шексіз», – деді таяуда Ташкентте Азия чемпионы атағын ұтқан Әсел Серікбай.

20170502135500

Қыркүйекте Әсел Уругвайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Оны толықтай ҚШФ қаржыландырмақ.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте арбаға таңылған мүгедек жан тірідей өртеніп кетті

Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай болады

ОҚО тұрғыны 23 жылдан соң тапқан немересін жақын досының қызына үйлендірді

 

Талқылау