Құжатта жоқ нәрсені жасатқан: Ақмола облысы Бурабай ауылының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Ақмола облысының Бурабай әкімі Сабыр Жалмұқановқа әдеп кодексін бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Ақмола облысының прокуратурасы әкім тарапынан заңбұзушылықты анықтаған.
"Бурабай ауылының әкімі мен ЖШС арасында алаңды абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалған. Келісімшарттық міндеттемелерді орындау барысында әкім кәсіпкерден сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстарды орындауды талап еткен. Өз кезегінде кәсіпкер тапсырыс берушіге тәуелді жағдайда болғандықтан, бұл жұмыстардың бір бөлігін орындауға мәжбүр болған", – делінген хабарламада.
Әкім өз іс-әрекетімен кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге материалдық шығын келтірді.
Бурабай аудан әкімінің өкімімен Бурабай ауылының әкіміне "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Зообелсенділер бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"