Қыз Жібектің рөлін сомдаған атақты актриса Кенталдың клипіне түсті
Кенталдың аруларға деген құрметі ерекше. Дегенмен серінің аруларға деген махаббаты сәтсіз аяқталып жатады. Орда бұзар отызға келген жігіт бүгінгінің Қыз Жібегіне іздеу салған. Таңдаудан жаңылыспас үшін Меруерт Өтекешованың көмегіне жүгініпті.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
Әйгілі актриса Кенталға шынайы өмірде емес, кезекі клипінің түсіріліміне жәрдемдесуде. Талғаттың таспалап жатқан тың туындысы құпияға тұнып тұр. Әдетте бар сырын ақтаратын Кентал бұл жолы сыр бүгіп қалды.
«Клип бойынша… Ол құпия болсын дедім. Өйткені қызықтың бәрі алда. Клип жарыққа шыққан кезде білетін боласыздар. Сол кезде көресіздер», – дейді Кентал.
Әр клипке отандық шоу-бизнес пен сән әлемінің сылқымдарын таңдайтын Кентал бұл жолы үйреншікті үрдісінен бас тартқан. Есесіне сері жігіттің серігін бұл бейнебаянда атақты Қыз Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешова ойнайтын болады.
«Меруерт Өтекешованы білмейтін кісі жоқ. Өте дарынды, өте талантты, өте сұлу адам. Сұлулығына қарап Меруерт апамызды шақырдық», – дейді Кентал.
Түсірілім тобының Меруерт Өтекешованы шақырғаны бекер емес сияқты. Себебі клипте Кенталдың өзі де егде жастағы қарияның образына енетін ұқсайды.
Алайда жастық шақта баянсыз махаббатты бастан кешкен қариялар қолда бардың қадірін білмеген.
«Бұл клиптің сюжеті арқылы біз сүйіктілеріңізді жоғалтпаңыздар, құрметтеңіздер, сыйлаңыздар деп айтқымыз келеді. Бәрін айта алмаймын, жарыққа шыққан кезде түсінесіздер», – деп түсіндірді Кентал.
Ғашықтық сезімді суреттейтін видео «Космос» деп аталады. Әннің сазы мен сөзін жазған Талғаттың өзі.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Луина эфирде балағат сөз айтып, масқара болды (видео)
Ерке Есмахан мінсіз мүсінін көрсетемін деп ұятқа қалды (фото)
Өнерге қайта оралған “Нұрлан мен Мұрат” дуэті бейнебаян түсіріп жатыр
Үш жасар Мирас бір жылдан бері Қайрат Нұртасты жылап іздеп жүр (видео)