Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қытайға оқуға кеткен 60-тан астам қазақстандық талапкер алданып қалды
64 қазақстандық талапкер қытайлықтардың оқу орталығына алданып қалды. Олардың бәрін Қытайдың «One Way to China» компаниясы алдап кетті. Нәтижесінде, компания болашақ студенттердің білім алуына және оларды университеттерге орналастыру үшін ақша аудармаған болып шықты.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Олардың өтірігі талапкерлер шетелге келгенде ғана әшкереленді. Қытайда білім алады деп ақшасын беріп қойған балалардың отбасын әуежайда ешкім күтіп алмады. Дипломаттардың ақпаратына сүйенсек, қазір қазақстандықтар жатақханаға орналастырылды. Ал Қазақстанның Қытайдағы елшісі бұл мәселенің басын ашу үшін әлгі оқу орталығының басшылығына шықты.
«Қазақстандықтарды тағы да білім беру компанияларын таңдауда қырағы болуға шақырамыз. Балаларды оқуға жіберер кезде ата-аналардан білім беру мекемелерімен алдын-ала байланысып және баланың университетке түскені туралы ақпаратты нақтылып, анықтауға шақырамыз»,-дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Салық қатаңдап, зейнетақы мен әлеуметтік төлем өседі, жеке куәлік тегін беріледі: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз