Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай елі туралы таңғалдырарлық деректер жиынтығы

Ресейлік Маша Пипенко есімді тұрғын Қытайда екі жыл өмір сүріп келгеннен кейін, көрген-білгендерін қағазға түсірген.

Қытай елі туралы таңғалдырарлық деректер жиынтығы

77

  1. Қытайда “өзіміз” деген түсінік жоғарғы деңгейде қалыптасқан. Олар өздеріне жақын, жерлес адамдарға ерекше қамқорлықпен қарайды.
  2. Қытайда “иә” деген сөз тым сирек, ал “жоқ” деген сөз тым жиі естіледі. Егер олар сізге “мүмкін” деп жауап берсе, онда белгілі бір деңгейде сіздің ұсыныңызбен келісті, яғни, сізге көмектесе алады деген сөз.
  3. Қытайлықтар қай жерде және қай уақыт екеніне қарамастан ұйықтай кетеді. Айналасы у-шу болып жатса да мән бермейді. Оларда құдды “өшіру” деген батырма бар секілді. Айтпақшы, олар түскі астан кейін міндетті түрде бір сағат мызғып алады. Мәселен, мен тұрған кішкентай қалада 12:00-14:00 аралығында барлық дүкендер мен мемлекеттік мекемелер жабылады. Оларда түскі ас 11:30-да басталып 14:30-да аяқталады. Бір сағат ас ішуге, ал екі сағат ұйықтауға жоспарланған.
  4. Қытайлықтар тек “қытай асханасына” байланып қалмай әртүрлі тамақ дайындау әдістерін, әртүрлі азық-түліктерді пайдалана береді. Сычуань провинциясы ащы тамақтарымен, солтүстік – тұшпарасымен, Ухань қаласы- арахис бұрышты лапшасымен танымал. Кулинариялық туризм – бұл елде кеңінен таралған. Өңірлік асханалар храм, музей секілді биік мәртебеге ие.
  5. Қытайда кеңінен таралған дәрілік нәрсе – бұл ыстық су. Тұмау тисе де, бас ауырса да, сізге ыстық су ішуге кеңес береді. Оларда ауру-сау екеніне қарамастан бәрі бірдей ыстық су ішуге құмар. Ыстық су қайнап тұрған дәу титандарды әуежай мен вокзалдан да оңай таба аласыз.
  6. Қытай пойыздарында төсек жаймасы әр жаңа жолаушы келген сайын ауыстырылмайды.
  7. Сәбилерге арналған жөргек – үлкен қалаларға ғана тән. Көбінесе кішкентай балалар шолақ дамбал киіп алып шауып жүре береді.
  8. Қытайлықтар көбінесе адамның жекелеген әдеміліктеріне қарап бағалайды. Мәселен, “Сен әдемісің, себебі көздерің үлкен” деген секілді. Сонымен қатар, олар тәндерінің ақ болғанын қалайды. Тіпті кейбіреулері күнге қыздырынбай, терілерін ағартумен әуре болады. Осы үшін олар үнемі қолшатыр ұстап, бастарына қалпақ киіп, түрлі кремдерді пайдаланып жүреді.
  9. Қытайда отбасы құру – басты мақсат. Онда ер адамдар өте балажан болып келеді. Және олар үй шаруасына да өте пысық. Мысалы, менің қытайлық құрбымның жігіті бөлме жинап, тамақ дайындап қоюға да кетәрі емес екен.
  10. Қытайда көпшілік орындарда бір-біріне жабысып сезімдерін білдіру қабылданбайтын нәрсе. Соңғы кездері қол ұстасқан қыз-жігіттердің көбеюін олар батыстың ықпалы деп біледі. Ал қоғамдық орындарды сүйісуді олар өте ұят нәрсе деп санайды екен.
  11. Қытайлық әйелдер қысқы белдемшелер киіп жүре береді және бұл ұят саналмайды. Ең бастысы иығы мен кеуде тұсы жабық болса болғаны. Ал ерлері күн жылынған сәттен бастап, іштерін ашып тастап жүреді.
  12. Қытай тіліне сөздік арқылы дайындалу пайдасы жоқ дүние. Олардағы сөздің бір-біріне ұқсастығы сонша ажырату өте қиын. Тіпті қатты ұқсайды деген сөздердің өзі басқа-басқа мағына беріп тұрады.
  13. Қытайлықтар өздерінің бүкіл проблемаларын халықтың көптігіне теліп қойған. Адам көп болған соң экология да сын көтермейді дейді олар. Көлік қозғалысы да бір ретке түспегенге, адамның көптігін алға тартады.
Әлем елдерінің астаналары туралы қызықты деректер >>>
Талқылау